Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Шыңғыс Мұқанның өз қадіріңді білдіретін 20 тәсілі

Мазмұндама жобасының негізін қалаушы Шыңғыс Мұқан өз қадіріңді білудің түрлерін айтты

Шыңғыс Мұқанның өз қадіріңді білдіретін 20 тәсілі
Фото: instagram @ shynggys_muqan

 Мазмұндама жобасының негізін қалаушы Шыңғыс Мұқан өз қадіріңді білудің 20 тәсілін мәлімдеді,-деп хабарлайды Newsroom.kz

1. Сені іздемеген адамды іздеме.

2. Ешқашан тіленбе (қайыр сұрама).

3. Артық сөйлеме (жеткізгің келген ақпаратты айт, артық бөспе)

4. Сені сыйламаған адамнан теріс айнал.

5. Жұрт сеннен не алса, соны ал, артық алма.

6. Сенің үйіңе келмейтін адамдардың үйіне бара берме.

7. Өзіңе инвестиция сал.

8. Өзіңді өзге туралы өсек айтып алдарқатпа.

9. Сөйлеместен бұрын жақсылап ойланып ал. Адамдар әдетте сені аузыңнан шыққан сөзге қарап бағалайды. 

10. Жақсы киін. Түр-тұрпатыңа қарап жүр. Жұрт киіміңе қарап қарсы алатынын, ақылыңа (сөзіңе) қарап шығарып салатынын ұмытпа. 

11. Табысты бол. Мақсатыңнан көз жазба.

12. Уақыттың қадірін біл. 

13. Сыйламайтын, бағаламайтын қарым-қатыстан (достық, неке) қаш. 

14. Өзіңе ақша жұмсап үйрен. Сонда жұрт та саған ақша жұмсайды.

15. Кейде жұртқа тапшы болыңыз (қол жетімді бола бермеңіз)

16. Көп бер, аз ал.

17. Шақырмаған жерге барма, шақырған жерден қалма, бірақ уақытында қайт, көп отырып алма. 

18 Адамдарды құрметіне сай сыйла.

19. Адамдарға екі-ақ рет телефон шал (бірінші рет алмаса). Егер сені қадір тұтса, қайта хабарласады. 

20. Өз ісіңнің шебері бол.

                                                      ©️Шыңғыс МҰҚАН