Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақтар хандық құрған жылы немістер кітап көрмесін өткізіпті

Шыңғыс Мұқан Франкруфт кітап жәрмеңкесі туралы ақпараттармен бөлісті

Қазақтар хандық құрған жылы немістер кітап көрмесін өткізіпті
фото: әлеуметтік желіден

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған, қазір баспагер әрі танымал журналист Шыңғыс Мұқан Франкфурт кітап жәрмеңкесінде болып қайтты,- деп хабарлайды newsroom.kz

"Қазақтар хандық құрған жылы немістер кітап жәрмеңкесін өткізе бастапты.

Ой, осы күндері рақаттанып жүрмін. Қуаныштан төбем көкке екі елі жетпей тұр. Кітаптың буына басым айналып, мас бола бастадым.

Франкфурт кітап жәрмеңкесіндемін. Шамамен он мыңға жуық баспагер қатысып жатыр. 12 павилион. Әрқайсысы ат шаптырым жер. Бір айналып шықсаң шаршап қаласың. Кім жоқ мұнда, бәрі бар. Антарктикадан ғана адамдар жоқ. Қалған әлемнің бәрі осында.

Бұл — әлемдегі ең үлкен кітап жәрмеңкесі. Ең ежелгісі де болуы мүмкін. Алғаш рет 1462 жылы өтіпті. Ол кезде баспахана жоқ. Адамдар қолмен көшіріп кітап сатады екен мұнда. 1462 жылы!!! Қазақ хандығы қай жылы құрылып еді? 1465 жыл ма?",- деп әлеуметтік парақшасында Шыңғыс Мұқан бөлісті.