Қарағандыдағы жедел-жәрдем дауы: Алла разылығы үшін кешірім сұрады

Күдікті халықтан кешірім сұрады

видеодан кадр

Әлеуметтік желіде жедел-жәрдем жүргізушісін ұрып, артынан қашып кеткен ер адамның кешірім сұраған видеосы тарады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы prokadry.kz телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Видеода Нұрболат Дакебаев өзі барып берілгісі келгенін айтқан. Ал, Қарағанды полиция департаменті күдіктінің өзі берілгенін жоққа шығарды.

"Ассалаумағалейкүм, барша қазақстандықтар, барша мұсылмандар, Қазақ елі! Мен 2024 жылы 1 ақпан күні өзім барып берілмекшімін. Себебі істеп қойған қиянатым күн бермей жатыр. Бәрінен, ақ халаттылардан кешірім сұраймын. Мен зиянымды тигізбек ойым болған жоқ. Ондай ойым мүлде болмаған, болмайды да. Жаңағы қол жұмсап, менен жәбір көрген бауырымнан мен кешірім сұраймын. Алла разылығы үшін кешіріңіздер. Қазақстандағы мұсылман бауырлар, барлықтарыңыз мені кешіріп қойыңыздар. Мен өз қателігімді түсініп отырмын. Алла разылығы үшін кешірім сұраймын, – дейді ол.

Жүктелуде...