Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Емтихан тапсырмақшы болған студентке мұғалім зорлық-зомбылық көрсетіпті

Студентті зорламақшы болған Астана медициналық университетінің мұғаліміне қандай жаза тағайындалады.

Емтихан тапсырмақшы болған студентке мұғалім зорлық-зомбылық көрсетіпті
Фото: КТК

“Ұстазым зорламақшы болды” деп мәлімдеме жасаған Астана медициналық университетінің студенті бүгінде өзге ұстаздардан қысым көруде, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы KTK телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна ақпаратына сүйенсек, ұстаздың оғаш әрекетін көрген жалғыз бұл қыз емес екен. Профессорға өкпелі бірнеше студент полицияға арыз түсіріпті. Мән-жайды қазір полиция анықтауда.

Астанадағы медицина университетінің 4 курс студенті 17 қараша күні оғаш оқиғаны бастан өткерген. Оның айтуынша, емтиханды қайта тапсыруға шақырған ұстазы сол күні сыпайы болып көрінген. Дәрісханаға кірген бойы есікті құлыптап, терезелерді жапқан соң, профессор ерсі қылық көрсетеді.

“Маған “төс тартқышыңды көтер, мен жүрек қағысыңды тыңдауым керек”. деді. Қорыққаным соншалық, есік-терезе жабық , ойлаңызшы, не істерімді білмей, айтқанын бұлжытпай орындадым. Сосын көкірегімді умаждап ұстай бастады. Бір орында қатып қалғанымды ғана білемін. Шамамен бір минуттан кейін есімді тез жиып алдым да, “мен қорқып тұрмын”  деп айттым, ағайға. Сонда оның маған айтқан бар жауабы: “Неге қорқасың? Мен бар болғаны денсаулығыңды тексеріп жатырмын” - дейді Аида Жампейісова.

Осылайша студент көз жасын тыя алмай деканатқа жол тартқан. Алайда оның жанайқайына ешкім құлақ аспапты. Ал басынан кешкенін инстаграмда бәрін айтқаннан кейін студент қысымға ұшыраған.

“Маған жыныстық азғындық жасаған мұғалімнің отбасы менің ата-анама тікелей қысым көрсетті. Инстаграмда әке-шешемнің аккаунттарын белгілеп, “қыздарыңның тірлігі оңып тұрған жоқ” деген пікірлер қалдырып, кінәні өзіме жаппақ болды. Одан кейін универстите мұғалімдер де маған қарсы шығып, әріптесін қолдап, маған қысым көрсетті” - дейді жәбірленуші.

Қазір студенттің арызы бойынша Сарыарқа ауданының полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.