ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәжіліс алаңында экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық істің соңғы мәліметтерін айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
"Іс аяқталды. Қазір танысып жатырмыз. Содан кейін сотқа жібереміз", - деп жауап берді Ержан Сәденов.
ІІМ басшысы істің қанша томнан тұратыны белгісіз деді.
"Ол маңызды емес, біздің ойымызша, тергеу толығымен аяқталды", - деді Ержан Сәденов.
Айта кетейік, 2023 жылдың 9 қарашасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін "Бау" мейрамханасында өлтірді деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды.
2024 жылдың 8 қаңтарында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша тергеу аяқталды деп хабарланды. 11 қаңтарда астаналық сот оның қамауға алу мерзімі 9 наурызға дейін ұзартылғанын хабарлады.
Кейін Ішкі істер министрлігі жұбайы Салтанат Нүкенованың өліміне күдікті Қуандық Бишімбаевқа "Аса қатыгездікпен кісі өлтіру" бабымен қоса, "Азаптау" бабы бойынша да айып тағылғанын хабарлады.