Өскеменде алтыншы сынып оқушылары селфи үшін көпқабатты үйдің төбесіне көтерілген,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Өткен демалыс күндері әлеуметтік желілерде кәмелет жасқа толмаған үш қыздың көпқабатты үйдің шатырының шетінде отырғаны туралы бейнежазба тараған болатын. Тәртіп сақшылары мектеп оқушыларының жеке басын анықтап, ата-аналарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Анықталғандай олар Өскемен мектептерінің бірінің 6 сынып оқушылары. Кәмелетке толмағандардың айтуы бойынша, олар төбесінде әдемі селфи жасауға тырысты.