Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Канделаки енді қырғыздарға ауыз салды

Тина Канделаки Қырғызстанда да орыс тілі шеттетіліп жатқанын айтыпты

Канделаки енді қырғыздарға ауыз салды
Фото: Коммерсант

Тина Канделаки Қырғызстанда да орыс тілі шеттетіліп жатқанын айтқан,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Қырғызстан билігі бір жылдан бері Бішкектегі төрт ауданның атын өзгерту бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Қазір Бішкектегі аудандарда КСРО кезінен сақталған орысша керемет атаулармен аталған: Первомайский, Октябрьский, Ленинский, Свердловский. Қырғызстандық депутаттар бұл "ұлттық идеологияны нығайту, сондай-ақ тарихи дәстүрлер мен құндылықтар негізінде азаматтардың рухани-адамгершілік тәрбиесін жақсарту мақсатында" ұсынып отыр. Қырғызстан халқының көбі қырғыз тілінде емес, орыс тілінде сөйлесе, қайдағы идеология? Бәрін қиындатудың не қажеті бар? - дейді Тина Канделаки жазбасында.  

Тележүргізуші дәл осылай Украинада декоммунизация басталғанын, ол бүкіл орыс тілінен бас тарту компаниясына айналғанын айтады. 

Айта кетейік, Тина Канделаки өзінің жеделхат арнасындағы жазбасын 24 қаңтарда жариялады, бірақ көп ұзамай жойылды. Алайда, жазылушылар скриншот түсіре алды.

Басылым қырғызстандықтардың наразылығын тудырды.