Қар жауып, бұрқасын болады: 27 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

27 қаңтарда ауа райы қандай болады?

Фото: egemen.kz

"Қазгидромет" РМК 27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын айтты,-деп хабарлайды newsroom.kz.

Болжам бойынша, атмосфералық фронтал бөліктерге байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, солтүстік және шығыс облыстарда қар жауып, бұрқасын болады; оңтүстік облыстарда қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын; 29 қаңтарда оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жауын-шашын, көктайғақ, тұман күтіледі.

"Демалыс күндері температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді", - делінген хабарламада.

 

Жүктелуде...