Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданында жер сілкінісінен кейін жаңа мектептің қабырғалары жарылды. Әкімдік жарықтың көлемі 10 сантиметрге дейін кеңейгенін жеткізді деп хабарлайды Newsroom.kz Stan.kz -ке сілтеме жасап
Видео әлеуметтік желілерде пайда болған. Кадрларда мектеп қабырғаларындағы жарықтардың үлкендігі көрінеді.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі 2015 жылы салынған мектеп ғимаратының қабырғасындағы бұл жарықтар жер сілкінісіне дейін де болғанын жеткізді. Алайда, олар жер сілкінісінен кейін жарықтар 10 сантиметрге дейін кеңейгенін жеткізді.
“Бұл мектепте бүгінде 564 оқушы оқиды. Оқу процесі күндізгі режимде жүргізіледі. ТЖ басқармасы апатты жағдайды мойындамады", - делінген аудан әкімдігінің хабарламасында.
Еске салайық, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Астана уақытымен 00 сағат 09 мин 02 секундта алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, 264 шақырым жерде тіркелді. Магнитудасы 6,7 балл. Бұдан соң тұрғындар қалада тағы да бірнеше жер сілкінісі сезілгенін хабарлады. Ал ТЖД дерегіне сәйкес алдағы уақытта қуатты жер сілкінісі болмайды сондықтан дүрлігудің қажеті жоқ.