Өскемендегі моншадан өрт шықты

Өртті сөндіруге барлығы жеке құрамның 18 адамы және 5 бірлік техника жұмылдырылды.

Фото: ҚР ТЖМ

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өрт сөндірушілер келген кезде шатыр, қабырғалардың ағаш конструкциялары және ішкі қаптамалар қызыл жалынға оралған,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды сөндіру үшін магистральдық желілер төседі.

"25 қаңтарда Әл-Фараби даңғылындағы монша кешенінің аумағында өрт болды. Оқиға орнына ШҚО ТЖД бөлімшелері жедел жетті. Өрт сөндірушілер келген кезде шатыр, қабырғалардың ағаш конструкциялары және ішкі қаптамалар жанып жатқан, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге барлығы жеке құрамның 18 адамы және 5 бірлік техника жұмылдырылды. 120 шаршы метр аумаққа тараған өрт сөндірілді.

 

Жүктелуде...