Қазақстанда электронды темекіге толық тыйым салыпты

Сату – 50 тәулікке дейін қамауға алу, әкелу және тарату үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Фото: Elf Bare

Заң жобасында электронды шылымдарды әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға толық тыйым салуды белгілеу жөніндегі нормалар көзделген,-деп хабарлайды Newsroom.kz

"Олардың айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі: сату – 50 тәулікке дейін қамауға алу, әкелу және тарату үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру, қылмыстық топ немесе аса ірі мөлшерде жасаған сол әрекеттер үшін немесе бірнеше рет – 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру", – делінген қорытындыда.

Енді заң жобасы Сенатта қаралуы керек. Олар мақұлданған жағдайда құжат Мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі.

Жүктелуде...