Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Елеусізов : "Алматы бір сәтте жермен-жексен болуы мүмкін

Алматыда тұруға болмайды

Елеусізов : "Алматы бір сәтте жермен-жексен болуы мүмкін
Коллаж: Newsroom.kz

Бұған дейін эколог, қоғам қайраткері Мелс Елеусізов Алматыда кез келген уақытта 12 баллдық жойқын жер сілкінісі болатынын ескертті деп хабарлайды Newsroom.kz 

«1912 жылы үлкен сілкініс болды. Сол кезде 28 панфиловшылар паркіндегі орыстардың шіркеуі ғана аман қалған. қираған жоқ. Ал, Алматыда барлығы қирады. Енді сондай жағдай болса сұмдық болады. Ғылыми негізде енді кез келген уақытта болуы мүмкін. Себебі, арада 100 жыл өтті, тарих көрсеткендей әр 100 жылда қайталанады. 12 баллдық жер сілкінісінде адамдардың тірі қалу ықтималдығы аз, қазіргі үйлерден адам шыға алмай қалуы да мүмкін.», – деді Мелс Елеусізов .
«Совет үкіметі уақытында үйлер 5 қабатты болатын, ал қазіргі 20-30 қабатты үйлер қиын. Физикада «инерция покоя» деген бар. Ол дегеніңіз сейсмикалық толқын төменгі жақта болғанда жоғары жақ толық сақталады. Кезіндегі 5 этаж бекер емес. Қазіргі үйлерде ешқандай сапа жоқ. Негізі халық ақырын-ақырын қайтадан ауылға бару керек. Алматыда тұруға болмайды», – деді ол.
Елеусізовтың сөзінше, жер сілкінісі 12 баллға баратын Индонезия, Жапония, Курил аралдары, Чили елдерінен кейін бесінші біз.
Күні кеше Алматыда 4 балл деңгейінде жер сілкініп, ел көше кезіп кеткен еді.
Жерасты дүмпуі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы аумағында орын алған.