Бұрқасын, көктайғақ, тұман: 24 қаңтарда ауа райы қандай болады?

Бүгін ауа райы қандай болмақ?

Фото: egemen.kz

"Қазгидромет" РМК 24 қаңтарда Қазақстанның 10 өңіріне ауа райына байланысты ескерту жасады,-деп хабарлайды newsroom.kz.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Облыстың солтүстігінде тұман.

Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман. 

Түркістан облысының батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман сақталады. Оңтүстік-батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с болады.

Шымкентте тұман түседі.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, орталығында жаяу бұрқасын. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында 15-20, екпіні 25 секундына метрге жетеді.

Жетісу облысы бойынша оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі.

Жүктелуде...