Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Жер сілкінісінен қорғайтын капсуланы алуға қарапайым халықтың жағдайы жете ме?

Капсула 2.5 млн теңге тұрады

Жер сілкінісінен қорғайтын капсуланы алуға қарапайым халықтың жағдайы жете ме?
Фото: krisha.kz

Бүгін түнде алматылықтарды қатты және ұзақ жер асты дүмпулері үрейлендірді. Адамдар асығыс үйден жүгіріп шықты, біреу қашып, терезелер мен балкондардан секірді — зардап шеккендер, ТЖД мәліметтері бойынша, 44 адам,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Жер сілкінісі кезінде қайда жасырыну керек? Құтқару капсуласы дегеніміз не ? Алматылықтардың көкейіндегі сұрақтардың бірі.

Құтқару капсуласы дегеніміз - Жапон ғалымдарының өнертабысы. Жер сілкінісі кезінде ғана емес, цунами кезінде де құтқара алады — капсула суға батпайды екен. Капсула материалы өте берік және шамамен 20 тонна қысымға төтеп бере алады. Ол ғимараттардың қоқыстарынан, құлап жатқан жиһаздардан, әйнектерден қорғайды. Капсулада бір уақытта төрт адам паналай алады, диаметрі-1 метр 20 сантиметр. Салмағы-80 килограмм.

Мұндай капсула бүгінде 2.5 млн теңге тұрады. Өлшемдері бойынша ол стандартты есікке кірмейді, сондықтан оны пәтердің ішіне кіргізудің жалғыз жолы — кран көмегімен терезе арқылы мүмкіндік бар.