Қазақстанның құс фабрикалары жұмыртқаны делдалдар арқылы сатады

Өңірлік тауар нарықтарының шекарасында еліміздің 34-ке жуық негізгі құс фабрикасы жұмыс істейтін нарық шоғырлануының жоғары деңгейі сақталып отырғаны белгілі болды

Фото: Orda.kz

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мамандары тауық жұмыртқаларын көтерме сату нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдады,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Өңірлік тауар нарықтарының шекарасында еліміздің 34-ке жуық негізгі құс фабрикасы жұмыс істейтін нарық шоғырлануының жоғары деңгейі сақталып отырғаны белгілі болды.

"Жұмыртқаларды көтерме саудада өткізу нарығын тұрақты бағалық бақылау жағдайында кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғалар арқылы құс фабрикаларының өнімді өткізу көлемінің ұлғаюы байқалады. Сондай-ақ, сауда желілерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына 15% түріндегі сауда үстемесінің белгіленген мөлшерін сақтамау фактілері анықталды. Осы фактілер бойынша тиісті материалдар Мемлекеттік кірістер комитетіне және құзыреті бойынша сауда комитетіне жіберілді", - делінген хабарламада.

Жүктелуде...