Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды,- деп хабарлайды newsroom.kz.
Онда жәбірленуші ер адам құс фабрикасындағы қоймасынан белгісіз біреулер 1800 жұмыртқаны ұрлап кеткенін көрсеткен.
Жәбірленушіге 150 мың теңге көлемінде шығын келген. Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.
Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізді.
Нәтижесінде күдікке ілінген көлік анықталып, тексерілді. Көлік ішіндегі үш ер адамнан шелектерге салынған тауық жұмыртқалары тәркіленіп алынды.
Олар 30-35 жас аралығындағы сол ферманың жұмысшылары болып шықты. Анықталғандай, олар күндізгі уақытта 10 шелек артық жұмыртқаны дайындап кетіп, түнгі уақытта қоймадан алып шыққан.
Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.