Депутат Түркиядағы түнгі клубқа барып, жұмыстан қуылған мұғалімдерді жақтады

Асхат Аймағамбетов қызылордалық мұғалімдерге жақтасты

Фото: kudago.com

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Түркиядағы трансвестит шоуына барып жұмыстан шығарылған қызылордалық мұғалімдерді жақтады, деп хабарлайды newsroom.kz.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде қызыллрдалық мұғалімдердің түнгі клубтағы видеосы тарап, қызу талқыға түсіп кеткен еді.

Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің де баршамыз сияқты өз құқығы бар екенін айтты.

"Мұғалімдер де баршамыз сияқты азамат. Олардың құқықтарын ешкім шектеуге болмайды. Сондықтан бұл жерде біз мұғалімдерге қойылатын талаптарды анық ажыратуымыз керек екенін білесіздер. Әрине, жоғары талаптар өздігінен туындайды. Бірақ олардың құқығын түсінуіміз керек. Ал бұл жерде істі нақты түсініп, олардың бұл істе қандай кінәсі бар екенін білу керек", - деді Аймағамбетов.

Жүктелуде...