Сүйінші! Берік Уәли Нұрқаділовке ескерткіш қойылатынын айтыпты

Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш қойылмақ

Фото: Abai.kz

Алматыда Заманбек Нұрқаділовтың 80 жылдығына орай еске алу шарасы өтуде,-деп хабарлайды newsroom.kz.

Заманбек Нұрқаділовті еске алу үшін белгілі тұлғалар жиналды. Олардың арасында танымал  саясаткерлер де бар: әртүрлі партиялар мен қозғалыстардың өкілдері, депутаттық корпус мүшелері, Жазушылар, музыка қайраткерлері және басқалары жиналды. 

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сенат басшысы Мәулен Әшімбаевтың хаттары да оқылды.

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Заманбек Нұрқаділовты еске алу үшін оның кіші Отанында ескерткіш орнатылып, оның есімімен көше аты аталды.

Жиналғандардың айтуынша, Заманбек Нұрқаділовтың есімі қала тұрғындарының жүрегінде мәңгі қалмақ. 

Жүктелуде...