Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Өскеменде ер адамды көшеде атып кетіпті

Өскеменде ер адамды атып кеткен

Өскеменде ер адамды көшеде атып кетіпті
Фото: egovpress

Өскеменде бейтаныс біреу ер адамға бірнеше рет оқ атқан. Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция қызметкерлері өлген кісінің мәйітін тапты. Кісі өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Оқиғаның видеосы желіде тарады. Кадрдан ер адамға бірнеше рет оқ атқанын көруге болады. Ол оқиға орнында қайтыс болған.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кісі өлтірді деген күдікті ұсталды.

 

"Осы факті бойынша дереу патрульдік-патрульдік бригадалар жөнелтіліп, 10 минуттың ішінде күдікті ұсталды. Оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады полиция департаменті.

Ведомство тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.