Мәдениет және Ақпарат министрі Аида Балаева "Қазақфильм" киностудиясы айналасында болып жатқан мәселелерге байланысты мәлімдеме жасады,-деп хабарлайды newsroom.kz.
Құрметті достар!
«Қазақфильм» айналасында болып жатқан мәселелер жайында айта кеткім келеді.
Шынында да, қазір біз айналысып жатқан жүйелі мәселелер бар. Осыған байланысты ұйымдастыру және заңнамалық шаралар қабылданатын болады.
Аты аңызға айналған «Қазақфильмнің» бұрынғы даңқы көп ұзамай оралатынына сенімдімін. Алдағы уақытта сапалы фильмдер түсіріп, көрерменді қуанта береді деп ойлаймыз",- деп жазды Аида Балаева.
Айта кетейік, бұған дейін Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті танымал өнер қайраткері Азамат Сатыбалдыны өз әріптесі Қуандық Дүйсебаев сынға алғанын айтқан едік.
Қуандық Дүйсебаев Азамат Сатыбалдыны қытай автокөліктерін жарнамалағаны үшін сынап, қызметтік этика бар ма деп сұраған.