"Ақорда таратқан ақпаратқа сәйкес, Мемлекет басшысының Жарлығымен Балаева Аида Ғалымқызы Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды", – делінген хабарламада.
Мәдениет министрлігінің ресми мәліметінше, Аида Балаева Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін және Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған.
1999–2002 жылдары Алматы облысының ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында жетекші маман, бас маман әрі бөлім басшысы қызметтерін атқарды.
2002–2004 жылдары — Алматы қаласы ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының қоғамдық-саяси үдерістерді талдау және үйлестіру бөлімінің басшысы.
2004–2005 жылдары — Алматы қаласының ақпарат басқармасында бөлім басшысы, кейін басқарма басшысының орынбасары.
2005–2008 жылдары — Алматы қаласы ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, кейін департамент директоры.
2008–2010 жылдары — Астана қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы.
2010–2014 жылдары — елорда әкімінің орынбасары.
2014–2019 жылдары — Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
2019–2020 жылдары — Президенттің көмекшісі, Президент Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.
2020–2022 жылдары — Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі.
2022–2023 жылдары — Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары.
2023 жылдың қыркүйегінен бастап — Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі.
Еске сала кетсек, бұған дейін Шынар Ақпарова ағарту вице-министрі, ал Әлия Рүстемова денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған болатын.