Рахат Тұрлыханов пен әйелі мәлімдеме жасады

Рахат Тұрлыханов пен жұбайы Алтынай Тұрлыханова мәлімдеме жасады

Скриншот: инстаграм желісінен

Қазақстандық әнші Рахат Тұрлыханов пен әйелі соңғы жаңалықтарға байланысты мәлімдеме жасады,-деп хабарлайды newsroom.kz.

"Мен бәрі жақсы деп айтқым келді. Рахат-сүйіспеншілікке толы, қамқор және мейірімді күйеу, әке. Иә, біздің отбасымызда басқа отбасылардағыдай түсініспеушілік орын алды. Бірақ мен бұқаралық ақпарат құралдарынан барлық жағдайды білмей, әділетсіз түрде күйеуімді талқылап жатқанын көрдім. Сіздерді алаңдататындай ештеңе жоқ. Баршаңызға қайырлы күн", - деді жұбайы Тұрлыханова Алтынай.
 


Рахат Тұрлыханов әйелін ұрғаны үшін екінші рет сотталып отыр. Өткен жылдың соңында ол әйелін ұрып — соғып, жұбайы оны кешіруіне байланысты жазасын өтемеді.

Тоғызыншы қаңтарда оның үстінен тағы да әйеліне қол көтергені үшін іс қозғалды.  Рецидивке қарамастан, сот ескерту жеткілікті деп шешті.

Айта кету керек, 2023 жылдың бірінші шілдесінен бастап Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтілді.
Түзетулерге сәйкес, ерлі-зайыптылар сотта тек бір рет татуласа алады.

Жүктелуде...