Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
10 қаңтар, 2024 / Рысжан Амантай / Қаржы

Сатыбалды 850 млрд теңге қайтарыпты

Қайрат Сатыбалды мемлекетке қомақты қаржыны қайтарды

Сатыбалды 850 млрд теңге қайтарыпты
Фото: sputnik.kz

Қайрат Сатыбалды Қазақстанға 850 млрд теңгеге активтерді қайтарып берді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы prokadry.kz телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Оған қарсы тағы бір іс сотқа берілді. Бұл туралы Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлімдеді. Ол Антикордың Қайрат Сатыбалдыға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтағанын нақтылады.

Енді іс сотқа беріледі.

"Қайрат Сатыбалдыұлы Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа және заңсыз ақшадан түскен пайдаға түрлі мүлікті шетелден сатып алды. Ол Қазақстан аумағындағы және шетелдегі банктерден ақша алды, бұл іс қазір сотта.
Осыған байланысты салықтан жалтару фактісі бойынша тағы бір эпизод бар осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, біз ақпаратты жаңа ақпарат түскен бойда жұртшылыққа жеткіземіз", - деді Тілеукенов.

Бұл активтердің барлығы Сатыбалдыдан тәркіленіп, мемлекетке берілді. Олардың жалпы құны 850 миллиард теңгеден асады.