Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Алматының жаңа бетбұрысы: Сатыбалды не жазды?

Бүгін Алматы қаласының жаңа әкімі алғашқы жұмыс күнін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауынан бастады. Президент қаланың алдағы дамуына қатысты нақты тапсырмалар жүктеп, Алматының стратегиялық рөлін атап өтті.

Алматының жаңа бетбұрысы: Сатыбалды не жазды?
Фото:Алматы әкімдігі

Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі ең ірі мегаполис – Алматының тұрақты экономикалық өсіміне қол жеткізу, инфрақұрылымды кешенді түрде жаңғырту, жол-көлік жүйесін жақсарту, экологиялық тепе-теңдікті сақтау мен экономиканы әртараптандыру бағытында жаңа әкімге сенім артты.

Жаңа әкім халыққа арнаған алғашқы сөзінде Алматыны арман мен мүмкіндіктердің мекені ретінде атап, қаланың өркендеуі үшін тың серпінмен, шынайы жанашырлықпен жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Оның айтуынша, әр алматылықтың өмір сапасын жақсарту – басты мақсат. Бұл үшін тұрғындармен бірге қоян-қолтық жұмыс істеп, бірігіп нақты нәтижеге жету қажет.

 «Әсем Алматының әрбір көшесі мен әр тұрғыны үшін нақты өзгерістер жасау, аянбай қызмет ету – біздің басты міндетіміз», – деді қала басшысы.

Ол қала тұрғындарын жаңа бастамалар мен оң өзгерістер жолында белсенді атсалысуға шақырып, бұл істі бірлесе атқарғанда ғана шын мәнінде өрлеуге қол жеткізетінімізді баса айтты.

Кеше айтылған басым бағыттар – инфрақұрылым, экология, көлік жүйесі және экономиканы әртараптандыру – кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, қала дамуының жаңа парағы ашылады деп күтілуде.

Алматылықтар енді жаңа әкімнен тың бастамалар мен нәтижелі жұмысты күтеді. Ең бастысы – қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыру мен өмір сүру сапасын жақсарту жолындағы нақты істер.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату