"Нәтижесін көріп бір жылап алдым": анасын іздеген Жәнібек тың дерекпен бөлісті

Жәнібек тың дерекпен бөлісті

Фото: newsroom.kz

Бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек анасына қатысты жаңа деректің белгілі болғанын айтты,-деп хабарлайды newsroom.kz.

"Менің туған анамды табуға деген үмітімді үзбей, қолдап отырғандарыңызға рақмет. Осы бір күрделі жұмбақты шешу жолында әр адамның менің өмірімдегі рөлі ерекше, сіздерге алғыстан басқа айтарым жоқ.

Қазақ радиосына барғанымда айтылған әйел — "Жазира" естеріңізде ме? Менің өмірге келген сәтімнен бастап бәрін айтып бере алатын әйел сол еді. Маған қатысты перзентханадағы ресми құжат бойынша менің туған анам деп жазылған адам да сол еді... Естеріңізге түсті деп ойлаймын. Сілекей сынамасы арқылы жасатқан тест нәтижесі 0% болып шықты. Нәтижеге сенімді болу үшін басқа клиникаға екінші рет қан арқылы тест жасаттық. Біз тағы да теріс нәтиже алдық.

Иә, шындық осы. Мен тағы бір жылап алдым. Мен қатысып отырған эфирді көріп, ол әйел де жылапты... Қолда бар мәліметті қорытсақ, мені ауыстырып жіберген сияқты және мен құжатта жазылған Жәнібек те болмауым мүмкін...", - деді ол.

Сондай-ақ Эдди Жан (Жәнібек) Қазақ радио ұжымы іздеуді жалғастырып, Арқалық қаласына баратынын айтты.

"Келесі қадам: Қымбат Досжан мен Әсел Асқарқызы! Осы екі керемет адам мен Қазақ радиосының қызметкерлері зерттеуді бір сәтке де тоқтатқан жоқ. Олар жақында менің туған жерім Арқалық қаласына барады. Алғашқыдай емес, жіптің ұшы шыққан сияқты! Енді... мен оның, ол менің аты-жөніммен өмір сүріп жүрген баланы іздейміз", - деп жазды ол. 

Жүктелуде...