Қазақстанның екінші ракеткасы Австралияда өткен турнирдің финалында жеңіске жетті,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Хобарт қаласында өтіп жатқан турнирде топ жарды.
Іріктеу финалында Қазақстанның екінші ракеткасы Австралия өкілі Кимберли Бирреллді екі есеп бойынша жеңді — 6: 3, 6:4.
Бұған дейін Қазақстанның екінші ракеткасы саналатын Путинцева үш қатарға көтеріліп, 63-ші орынға ие болып, WTA рейтингін жақсартқан еді.