Қош бол! OTAU TV Ресей арналарын алып тастапты

Otau tv ресейлік арналарды алып тастапты

Фото: iStock

Жаңа жылдан бастап «OTAV.TV» операторы желілік хабар тарту тізімінен ресейлік телеарналарды алып тастады,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы abai.kz-ке сілтеме жасап.

Компания басшылығының түсіндірмесінде мұндай қадам жасауға ақпараттық арналардан гөрі көп қаралым жинайтын ойын сауықтық бағдармаларды негіз еткен арналарды көбейту шешімі себеп болған.

Қысқартылған ресейлік телеарналардың қатарында «Первый канал СНГ», «Поехали», «Время: далекое и близкое», «Дом кино», «Телекафе», «Дом кино Premium», «Музыка Первого», «Победа», «Карусель, «Бобер, «О!» қатарлылар бар. Керісінше өткен жылы Қазақстандық 19 телеарна желілік оператор тізіміне қосылған.

 

Жүктелуде...