weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматы әуежайының бұрынғы басшысы 8 жылға сотталды

Үкім заңды күшіне енбеді

Алматы әуежайының бұрынғы басшысы 8 жылға сотталды
Фото: Алматы әуежайының баспасөз қызметі

Алматы әуежайының бұрынғы басшысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Айбол Бекмұхамбетов Алматы әуежайы президенті қызметінен 2018 жылдың шілдесінде кеткен еді.

2018 жылғы 20 желтоқсанда әуежайдың желілік полиция бөліміне әуежайдың жаңа президенті Болат Ержановтан авиакеросиннің ұрланғаны туралы хабарлама түскен.

Іс бойынша тергеу бес жылға жуық уақытқа созылды.

Сотталушылар соңғы сөзінде өздерінің кінәсіз екенін айтып, соттан әділ шешім шығаруды сұрады.

Сот Алматы әуежайының экс-президенті Айбол Бекмұхамбетов пен авиациялық жанар-жағармай қызметінің басшысы Қуаныш Тұмышевты 8 жылға бас бостандығынан айырды. Олар жазасын орташа режимдегі колонияда өтейді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→