Қиыншылықтардан сақтауын тілеймін: РФ елшісі Жаңа жылмен қазақша құттықтады

РФ елшісі Жаңа жылмен қазақша құттықтады

фото: әлеуметтік желіден

Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Н. Бородавкин қазақстандықтарды жаңа жылмен  құттықтады деп жазады елшіліктің телеграм каналына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.

Құрметті достар!
Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын!
Отбасыларыңызда бейбітшілік, амандық пен татулық, махаббат пен үйлесімділік орнасын!
Мен әрбір ресейлік пен әрбір қазақстандықтың өзінің ең асыл армандарын орындап, мақсаттарына қол жеткізіп, жаңа, бұдан да биік белестерді бағындырып, жұмысында табысқа жетіп, ең маңызды және қымбат нәрсені - отбасы мен жақындарын қиыншылықтардан сақтауын тілеймін – деген А.Бородавкин «келер жыл бойы біздің халықтарымызға өркендеу жолында күш-қуат беретін достық пен сенім, бірлік пен түсіністік серік болсын!» деп жазған.

Одан өзге, «Жаңа 2024 жыл құтты болсын! Жаңа жыл бақыт әкелсін!» - деген. 
Айта кетейік, келер жылдың наурыз айында Ресейде ірі саяси науқан президент сайлауы өтеді. Аталмыш саяси науқан жайлы newsroom.kz порталы барынша ақпарат таратып отырады. 

Ал Ресейдің Астанадағы елшісі Алексей Бородавкин тісқаққан кәнігі дипломат. Жасы келер жылы 74-ке толады. Мәскеудегі атақты МГИМО түлегі Тайланд, Швейцария сияқты елдерде қызмет етіп, Қазақстанға дейін Ресейдің Словакиядағы елшісі болған.

Жүктелуде...