2023 жылдың 28 желтоқсанына қараған түні Шымкенттің Қызыл су мен Стадион көшелерінде жеке су есептегіш құралдарын жаппай ұрлау орын алды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Стадион көшесінде ұрылар су өлшегіш торапты ашып, 4 су өлшегішті алып кеткен, қалғандары орнында қалды. Қызыл су көшесінде ұрылар суды жауып, екі ПВХ құдығында орналасқан 11 су есептеу құралын алып кеткен, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Оқиға орнына жедел жесткен полицейлер алғашқы тергеу шараларын жүргізіп, фотосуреттер мен бейнелер түсіріп, саусақ іздерін алған. "Ұрланған аспаптарды пайдалануға беру мүмкін емес, себебі олардың зауыттық нөмірлері "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС базасында екен.