Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Abai live ютуб подкастына берген сұхбатында Назарбаевтың не үшін күресіп жатқанын айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz.
Айтуынша, алашқы президент өзінің есімінің Қазақстан болашағындағы алар орны үшін әрекет етіп жатқан көрінеді.
"Біріншіден жоба деген болады, жоспар деген болады. Мысалы үшін кітабын 1 желтоқсанға қарай әдейілеп шығарды. Астана клубында шығуының себебі де соны насихаттаудың мысалы. Назарбаев - мықты саясаткер. Мықты саясаткер болғандықтан, өзінің мұрасы үшін өзінше күресіп жатыр. Тарих үшін күресіп жатыр. Мен қандай атпен тарихта қалам деп күресіп жатыр. Құдай қанша жас беретінін білмеймін. Бірақ, мен оның Қазақстан тарихында қандай атпен қалам деген алаңдауын түсінем. Тарихта қалғысы келетін саясаткердің бәрін алаңдатады. Сондықтан фильм түсірді, кітап жазды. Жаңаөзендегі оқиғаны жазбағаны - бұл оқиғалар оған абырой әкелмейді ғой. Өзі деп жазған шығар, өзгеге де жазғызған шығар",- деді Айдос Сарым.
Айта кетейік, Айдос Сарым - Алтынбек Сарсенбайұлының фондының жетекшісі қызметін атқарған.