Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
28 желтоқсан, 2023 / Рысжан Амантай / Жаңалықтар

Қазақстандағы ең лас ауа қай қалада?

Қазақстанда ең лас ауа қай қалада екені анықталды

Қазақстандағы ең лас ауа қай қалада?
фото: freepik.com

Ағымдағы жылдың сауалнама нәтижелеріне сәйкес қазақстандықтардың 90,5% - ауа сапасына қанағаттанғанын көрсетті,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Еnergyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Тек 9,1% дауыс берушілер, түтін аралас лас ауаны жұтып жатқандарына разы емес көрінеді.

"Сауалнама іріктеліп алынған 15 жастан асқан қазақстандықтар арасында жүргізілді. Талдау нәтижесі бойынша жасы үлкен дауыс берушілердің көбі ауа сапасына разы емес екен. Қатысушылардың әл-ауқатына да байланысты жауаптар әртүрлі көрсеткішті көрсетіп тұрған көрінеді. Ауқатты адамдар көбінесе жоғары баға берген. Ал кедей санатындағы респонденттер арасында ауа сапасына қанағаттанбағандардың үлесі 28% құраса, орташа деңгейден төмен отбасылар арасында - 20,2% құрады", - деп хабарлады сарапшылар.

Басылымның хабарлауынша, 69 ірі қаланың 50-нің ауа сапасы нашар.

"Ең лас санатында Астана, Қарағанды және Ақтөбе қалалары тұр. Астаналықтар мен қарағандылықтар ЖЭО-дан түтін, шаң мен шығарындылардан зардап шегеді, Ақтөбе тұрғындары күкіртсутектің иісіне шыдауға мәжбүр. Тек екі қала - Көкшетау мен Қызылорда таза мәртебеге ие. 11 қалада ауаның ластану деңгейі жоғары, қалғандары жоғары және өте жоғары. Астана антирейтингтің көш басында тұр. Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында елордада ластанудың стандартты индексі 16,2 құрады, ең көбі 20", - деп жазады басылым.