Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сақ дәуірінің зергерлік бұйымдарын заңсыз айналымда ұстаған адамды қамады,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Абай облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен тарихи құндылыққа жататын бағалы бұйымдардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының тұрғынын ұстады. Тінту барысында аң стилінде орындалған Сақ дәуіріне жататын жалпы салмағы 79 грамм 4 алтын әшекей тәркіленді.
"Қылмыстық кодекстің 193-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейін тергеп-тексеріліп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сай өзге ақпараттар жарияланбайды.