Бақытжан Сағынтаев Еуразия экономикалық комиссиясының алқа төрағасы болып тағайындалды,- деп хабарлайды newsroom.kz.
Мұны Санкт-Петербургте өткен Еуразия жоғары экономикалық кеңесінің отырысында Ресей президенті Владимир Путин айтты.
Сағынтаев жаңа қызметке 2024 жылы 1 ақпаннан бастап кіріседі.
Еуразия экономикалық комиссиясы – Еуразия экономика одағына қарасты реттеуші орган. ЕАЭО-ға Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей мүше.
Бақытжан Сағынтаев бұған дейін президент әкімшілігінің жетекшісі, мемлекеттік хатшы, премьер-министр қызметтерін атқарған. Қаңтар оқиғасынан кейін Алматы әкімі қызметінен босатылып, Еуразия экономика одағы комиссиясының алқа мүшесі болған.