Қатты жел, жаңбыр, көктайғақ: 27 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Фото: turkistan.kz

"Қазгидромет" РМК 27 желтоқсанға арналған ауа райы болжасын айтты,-деп хабарлайды newsroom.kz.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман болжанады. Желдің күші 23-28 м/с артуы ықтимал.

Астана қаласында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде кей уақытта желдің екпіні 23 м/с жетуі мүмкін.

Шымкент қаласында таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жүктелуде...