weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
23 желтоқсан, 2023 / Рысжан Амантай / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматыдағы газ жарылысынан зардап шеккен 20 жастағы қыз көз жұмды

Алматыдағы газ жарылысынан зардап шеккен 20 жастағы қыз көз жұмды

Алматыдағы газ жарылысынан зардап шеккен 20 жастағы қыз көз жұмды
Фото: Almaty.tv

Алматы облысының Талғар ауданындағы газ жарылысынан зардап шеккен жиырма жастағы қыз көз жұмды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

 

Алматыдағы көпсалалы клиникалық аурухананың баспасөз қызметі 1991 жылғы ер адамның ауыр жарақаттан кеше таңертең қайтыс болғанын айтқан еді, бүгін түнде 2003 жылы туған қыз ес жимастан көз жұмды деп хабарлады. Қыздың денесінде 3-4 дәрежелі күйіктер болған.

Еске салайық, бес күн бұрын Гүлдала ауылында тұрмыстық газ жарылысы болып, екі үй бүлінген еді. Осы оқиғадан кейін төрт адам ауруханаға жатқызылды. Қаза болғандар ерлі-зайыпты болып шықты. Жарылысқа табиғи газ құбырындағы қысымның жоғарылауы себеп болған.