Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
23 желтоқсан, 2023 / Майра Ділдахан / Елорда

Астанада «Хан шатырдан» өрт шықты

Астанадағы "Хан шатыр" сауда ойын-сауық орталығында өрт шықты.

Астанада  «Хан шатырдан» өрт шықты
Фото: ашық дерекөзден

Астана төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабар 23 желтоқсан күні сағат 14:00-де түскен,  деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі BAQ.KZ порталына сілтеме жасап. 

"Келген бойда 5 минутта өрт сөндірушілер артқы кіретін жақтан қою қара түтіннің шығып жатқанын анықтады, трансформаторлық қосалқы станцияның 10 шаршы метр және кабельді шахта 0-қабатта өртеніп жатқаны анықталды. Өрттің таралу қаупі жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, - деді Астананың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт орынында жеке құрамның 66 адамы және Астана төтенше жағдайлар департаментінің 14 техникасы жұмыс істеп жатыр.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату