Ресми демалыс күндері – 1, 2 қаңтар. 2023 жылдың соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31 желтоқсанға сәйкес келеді. Осылайша, аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалады.
Ал аптасына 6 күн еңбек ететіндерге 30 желтоқсанда жұмысқа шығуға тура келеді.
Одан әрі – 3, 4 және 5 қаңтар – жұмыс күні.
Ал 7 қаңтар – Рождество мерекесі жексенбі болғандықтан, қосымша демалыс күні берілмейді. Сәйкесінше, 5 күн жұмыс істейтіндер 6, 7 қаңтарда әдеттегідей демалады.
Айта кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылдағы демалыстар туралы мәлімет ұсынған болатын. Әсіресе көптеген мереке күндері жұма күніне түсетіндіктен, қатарынан үш күн демалу мүмкіндігі көп.