Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 желтоқсан, 2023 / Рысжан Амантай / Жаңалықтар

«Айс Мұратова» есімімен танылған блогер 30 млрд жымқырған ба?

Блогер 30 млрд теңгені жымқыорған ба?

«Айс Мұратова» есімімен танылған блогер 30 млрд жымқырған ба?
Фото: polisia.kz

«Alayaq.net» жобасының жетекшісі, заңгер Нұрсұлтан Орынбек "Сұрауы бар" подкастына берген сұхбатында "Алаяқ әйел" атанған "Айс Мұратова" есімімен танылған блогердің құрған схемасы туралы айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

"Айс есімімен танымал блогер 30 млрд теңге жымқырды деп айыпталды. 30 млрд теңгені айына 5 млн теңге жойып, 500 жыл өмір сүруге болады екен. Беймарал ақша. Ал жаза, оның аяғы ауырлығын, баласының бар екенін ескерсе, үй қамақтағы мерзімін бәрін қосқанда 5-6 жылда шығуға болады. Қазір Арайлым үй қамақта отыр,-деді заңгер.

Журналистің "Айс қылмыстық жауапкершіліктен қашу үшін жүктілікті алдын ала ойластырған ба деген сауалына заңгер бәрі алдын ала жоспарланған схема болуы мүмкін деді. 

"Бұл мәселеде ол 2019 жылы қарапайым Шиеліде онлайн заказ беріп жұмысын бастайды. Онлайн курстарды оқиды. Сөйтіп жүрген әйел бір күні Айс Мұратова болып атып шығады. Қайырымдылық жасайды. Бірінші жұбайынан айырылысады да, екінші жұбайына өнер адамына шығады. Ержан Жарылқасынұлы деген актерге тиеді. Оның атағын, айналасын пайдаланады. Нұрлан Албан ағамызбен байланысқа шыққанда айтты, үлкен той жасағанын. Мейрамбек Беспаевтың жарнамасын пайдаланады. Мейрамбек ағамыздың ешқандай арам ниеті болмаған шығар. Бірақ, "Айс қарындасым жарайсың, елге істеп жүрген еңбегің жана берсін!" деген сияқты халыққа ұнайтын сөзді өнер адамының аузынан шығарады. Сөйтіп, ол кісіден ажырасады да, қылмыс әлемінің серкесіне шығады. Білуімізше, ол азамат Түркияда. "Жұматовский" деген Жаркенттің аты дүркіреген бандасы болды. Соның мүшесі деп естідік. Бұл оның құрған схемасының соңы. Адамдарды алдаған кезі ашылып қалған кезі болғасын осыған шығады. Шу басталғанда азаматтың көмегі керек болып, 8 ай тұрған. Оның бәрі жоспарланған схема болып шықты",- деді Нұрсұлтан Орынбек.