Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 желтоқсан, 2023 / Рысжан Амантай / Жаңалықтар

Белгілі саясаткер Н.Назарбаевтың кітабындағы ақпаратты жалған деп айтты ма?

Белгілі саясаткер Назарбаевтың кітабындағы ақпаратты өтірік деді ме?

Белгілі саясаткер Н.Назарбаевтың кітабындағы ақпаратты жалған деп айтты ма?
Скриншот: ulysmedia ютуб арнасы

Саясаткер һәм экс-сенатор Уәлихан Қайсаров алғашқы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі туралы айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Ulysmedia” ютуб-арнасына берген сұхбатында Уәлихан Қайсаров Назарбаевтың кітабындағы ақпараты жалған екендігін айтты. 

"Назарбаевта “без правых и левых” деген кітап бар. 1991 жылы шыққан сияқты ол кітап. Кішкентай, шағын кітап. Мен оны оқып шыққам. Сонда Желтоқсан шерушілерінің алдына шығып, мен оларды басқардым деп жазған. Енді ол өтірік қой. Ол кезде қазіргі сөзбен айтқанда, ол - премьер министр. Бүкіл полиция әскері, комитеттер оған тікелей бағынатұғын. 

Бүкіл күш, бүкіл билік Назарбаевтың қолында ғана болды. Сол себептен, желтоқсан шерушілерін басқардым дегені - жалған сөз. Назарбаевтың өтірігі. Халықтың көзі ашық. Халық шын мәнінде кім кінәлі екенін біледі. Ал, мен сол кезде Назарбаев тікелей кінәлі деп ойлаймын. Назарбаев тікелей жауапқа тартылатын адам",- деді саясаткер.