Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
13 желтоқсан, 2023 / NewsRoom / Аймақтар

Түркістан облысында қызылша аурушаңдығы төмендеді

Облыста қазіргі таңда 55 712 балаға қызылшаға қарсы қосымша жаппай екпе салынды.

Түркістан облысында қызылша аурушаңдығы төмендеді

Бұл екпені алуға тиісті балалардың 30%-ын құрайды. Нәтижесінде, 5-желтоқсан мен 11 желтоқсан аралығында қызылша аурушаңдығы 75,7%-ға төмендегені байқалады. Бұл жайында Түркістан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов мәлімдеді, деп хабарлайды newsroom.kz.

- Қызылша инфекциясынан эпидемиологиялық жағдайды жақсарту мақсатында ҚР ДСМ және СЭБК қолдауымен Түркістан облысына қызылшаға қарсы қосымша 83 000 дана екпе келді. Бұған дейін 14 700 данасы жеткізілген болатын. Облыста 6 айлық балалардан 10 ай 29 күнге дейінгі және 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балаларға қосымша жаппай иммундау қарқынды жүргізілуде. Жалпы, өңірде жыл басынан бері 2 982 қызылшаға күдікті жағдай тіркеліп, 1 450-і зертханалық және клиникалық түрде дәлелденді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны – 1237, - деді спикер.

Сала мамандарының айтуынша, ауа тамшылары арқылы жылдам тарағыш инфекцияның инкубациялық кезеңі 7 күннен 21 күнге дейін созылады. Қызылша ауруының белгілі бір емі жоқ, асқынған жағдайдарда өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін немесе ларингит, құлақтың қабынуы, пневмония, қызылша энцефалиті, мидың қабынуы сынды асқынулырға алып келуі ықтимал.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі