Димаш виолончелистпен микрофонсыз дуэт айтып таңғалдырды!

Димаш Құдайберген ерекше өнерімен жанкүйерлерін тәнті етті

кадрдан скриншот

Димаш Құдайберген хорватиялық виолончелист Стэпен Хаусермен микрофонсыз әдемі ән орындап желі қолданушыларын таңғалдырды,- деп хабарлайды newsroom.kz.

13 сағат бұрын салынған бейнежазба желіде 4 млн-ға жуым қаралым жинаған. Димаштың әуез үні мен виолончельдің сиқырлы әуені үндесіп, тыңдарманға ерекше әсер сыйлаған секілді. 

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайбергенге әлемге танымай опера әншісі әрі дирижер Пласидо Доминго бірге дуэт жазуды ұсынған еді.

 

Жүктелуде...