weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
11 желтоқсан, 2023 / Рысжан Амантай / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркі әлеміне қатысты екі ұйымның басшысы кездесті

Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысымен кездесті

Түркі әлеміне қатысты екі ұйымның басшысы кездесті

Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТҮРКПА)Бас хатшысымен кездесті деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТҮРКПА) штаб-пәтерінде Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова ТҮРКПА Бас хатшысы Мехмет Сурейя Эйрмен кездесті.

Ақтоты Райымқұлова шақыруға алғыс білдіріп, бірінші кезекте Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толуымен құттықтады. Кездесуде ұйым президенті Түркі әлемінің бай мәдениеті мен мұрасын қорғау, зерделеу және дәріптеу, түркі халықтары арасындағы тарихи және мәдени байланыстарды нығайту бағытындағы жобаларды іске асыратын Қордың қызметі туралы айтып берді.

Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясымен ынтымақтастығын атап өтіп, Ақтоты Райымқұлова түркі әлемінің мәдениеті мен мұрасын қорғау және ілгерілету саласындағы ұйымдар арасындағы әріптестік қатынастарды одан әрі кеңейтуге сенім білдірді.

Кездесу барысында өзара ынтықтымақтастықты күшейтетін сұрақтар бойынша пікір алмасулар, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыруға қатысты мәселелер талқыланды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→