Көктайғақ, бұрқасын, тұман: 6 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Фото: егемен қазақстан

"Қазгидромет" РМК 6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Синоптиктердің болжамынша, тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн райы жауын-шашынсыз болады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Астанада – көшпелі бұлтты, түнде жауын-шашын (қар, жаңбыр), күндіз қар жауады. Әлсін-әлсін бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с болады. Ауа температурасы түнде және күндіз -1-3°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде тұман. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +14+16°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +13+15°С.

Жүктелуде...