Қазгидромет "РМК" 5 желтоқсанда ауа райы еліміздің мегаполистерінде қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Астана 5 желтоқсанда ауа райы көшпелі бұлтты, өткінші жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болады. Түнде қар жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады 9-14, екпіні 15-20, түнде және таңертең кей кезде екпіні 23 м/с болады. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.
Алматы 5 желтоқсанда күн райы – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз деп болжануда. Кейде тұман. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 10-12 градус жылы болмақ.
Шымкентте 5 желтоқсанда ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 18-20 градус жылы болады деп күтілуде.