Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты кітабы жарыққа шықты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Нұрсұлтан Назарбаевтың инстаграм әлеуметтік желісіне сілтеме жасап.
Кітапты "Меломан" және "Алматыкітап" дүкендері желісінде сатып алуға болады.
Мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталған бұрынғы "Тұңғыш президент" күнінде ресми түрде жарыққа шыққан кітапты желі қолданушылары қызу талқыға салуда.
"Менің өмірім" кітабында Нұрсұлтан Назарбаев өзінің саяси өмірімен қоса жеке өмірі туралы айтып, екінші рет үйленгенін мәлімдеген көрінеді.