Аяз, қар, көктайғақ: 30 қарашада ауа райы қандай болады?

30 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Фото: freepik.com

Синоптиктер 30 қарашада Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қандай ауа райы болжанғанын айтты, деп хабарлайды newsroom.kz.
Астана

30 қараша көшпелі бұлтты, кей жерлерде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз 0 градус шамасында.

Алматы

30 қарашада бұлт басады. Таңертең және күндіз жаңбыр, тұман болады. Солтүстік-батыстан екпіні 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз +5+7°.

Шымкент

30 қараша көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын, кей уақытта қатты (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -1+1°, күндіз +7+9°.

Жүктелуде...