Алдын-ала бекітілген кестеге сәйкес, бүгін шаһар басшысы секторлардағы кезекті кездесуін бастады, деп хабарлайды newsroom.kz.
Отырар секторында жыл басынан бері 159 мәселе көтеріліп, оның 137 орындалды, 9 мәселенің жұмыстары осы жылы толық аяқталады, 13 мәселе бойынша заңдылығы түсіндірілді.
Бүгінгі таңда:
Отырар секторында 13 трансформатор ауыстырылып, осы жылдың соңына дейін 15 дана трансформатор ауыстыру жоспарлануда.
Отырар м/а (Шнос) көпқабатты 36 үйдің табиғи газбен қамтылуы бойынша 2 160 пәтерге газ трубасы тартылып, газ плиталары үлестірілуде.
Қ.А.Яссауи даңғылы бойынан және М-32 көшесі аллея мен желілік саябақтары ашылды. Отырар м/а 1-10 үйлер ауласы қайта ретке келтіріліп, балалар ойын алаңшалары жаңартылды, 1-10 үйлер күрделі жөндеуден өтті.
Тазалық бойынша Отырар т/а ИП «Taza-Like» жұмысқа тартылып, қазіргі таңда 70 көшенің тазалығын қамтамасыз етуде.
12 көше қайта қалпына келтірілді. 11 аялдама орнатылды (Қ.А.Яссауи даңғылы, Жаңа қала 9 - 11 көше, Б.Саттарханов көшелері).
2023 жылы 788 отбасыға пәтер кілті табысталып, 2024 жылға 1 200 пәтер кілттерін үлестіру жоспарлануда.
Отырар секторында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде асфальттанған көше саны – 85-ке жетті. 28 көшеге тас төселіп, жарықтандырылған көше саны 113-ні құрады. 85 көшеде аяқжол және жаңа аялдамалардың саны – 44 данаға жетті.
Ауыз су, кәріз жүйелері және электр жарығымен 113 көше толығымен қамтылған.
Жеке тұрғын үй саны 5 320, оның 4 962 тұрғын үйлері табиғи газбен қамтылған.
Көп қабатты тұрғын үй саны - 158, 9 763 пәтер, оның 4 307 пәтері орталық жылумен қамтылса, 5 456 пәтер табиғи газ жүйесіне қосылған.
Тұрғындар көтерген кей мәселелердің қаржы талап етуіне байланысты, қаланың даму жоспарына енгізіліп, жүйелі түрде атқарылатын болады. Бұл бойынша сектор тарапынан тұрақты түрде түсіндіру шаралары жалғасады.
Қала әкімі кездесу барысында қоғамдық бақылаудың маңызы туралы тағы атап өтті:
- Қаладағы игі істер - баршамыздың ортақ жетістігіміз. Сол секілді, кемшіліктер мен олқылықтар да - бәрімізге ортақ. Мен үнемі қоғамдық бақылау - яғни жұмыстардың атқарылуына жергілікті тұрғындар тарапынан ерікті қадағалау болуы қажеттігін айтып келемін. Сіздер бізге көмекші болыңыздар, - деп, белсенді азаматтарға алғысын жеткізді.