weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
28 қараша, 2023 / Рысжан Амантай / Қылмыс
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түнгі клубта төбелескен екі полицей қызметтен қуылды

Маңғыстауда тәртіп сақшылары жұдырықтасып қапты

Түнгі клубта төбелескен екі полицей қызметтен қуылды
фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде Ақтаудағы түнгі клубтардың бірінде екі полиция қызметкері төбелескені, жанжал барысында асхана пышағы қолданылғаны жөнінде ақпарат тарады, деп хабарлайды newsroom.kz порталы mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тіркелді.

Басылымның жазуынша, тәртіптік комиссияның шешімімен екі қызметкер ішкі істер органдарынан босатылды.

Облыстық полиция департаменті "төбелеске асхана пышағы қолданылды" деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын түсіндіреміз", –деп атап өтті облыстық полиция департаменті.