БАҚ саласына қадам басу үшін не істеу керек?

БАҚ саласына қалай қадам басуға болады?

Фото: newsroom.kz

Зульфия Темірғалиевамен "БАҚ-саласына қадам басу үшін не істеу керек?" жобасы аясында мен PR-мен таныс емес адамдарға кеңестер беретін боламын.

Әр арнаның кейіпкер мен белгілі бір тақырып бойынша сөйлейтін спикер іздейтін бағдарламасы болады. Мысалы, Хабар 24-те қалалық инфрақұрылым, құрылыс, цифрландыру сияқты әртүрлі бағыттар бойынша көптеген бағдарламалары бар. Толық тізіммен телеарна сайтындағы тележобалар бөлімінде танысуға болады.

Егер сіз айтары бар өз салаңыздың маманы болсаңыз, онда сіз бағдарлама журналистінің телефон нөмерін оңай таба аласыз.

Белгілі бір мәселе бойынша сараптамаңыз туралы ақпаратты және өз пікіріңізді білдіре алатын тақырыптар тізімін алдын ала дайындаңыз. Егер сіз олардың болашақ шығарылымдарының жоспарланған тақырыптары туралы сөз қозғасаңыз, сізді келесі бағдарламаға қатысуға шақыруы әбден мүмкін.

Бұл жоспар іске аспай жатса, көңіліңізді түсірмеңіз. Өйткені, көп жағдайда соңғы сәтте келісім болған негізгі спикер журналистпен кездесуден бас тартып жатады. Сол кезде журналистер сізді есіне түсіруі ықтимал.

Өзіңіді "Мен бармын", "Осындамын", "Мен туралы ұмытпаңыз" деп еске салып отыруыңыз керек. 

Көптен күткен сәт келіп, сізді шақырғанда мұқият дайындалыңыз. Ойыңызды жинақтап, айтатын сөздеріңізге мән беріңіз. Себебі, сіздің журналистермен болашақта жұмысты жалғастыруыңыз өзіңізді қалай көрсеткеніңізге байланысты болады. 

Егер сіз олардың топ-спикерлер тізіміне кірсеңіз, онда сізді бағдарламаларға жиі шақырады. Сізді басқа әріптестеріне камера алдында ұялмай сөйлеп, пайдалы ақпарат беретін өз саласының маманы ретінде ұсынады.

Жүктелуде...